Жаңалықтар Мәдениет

Қазақ қуыршақ театры еуропалық көрерменнің ықыласына бөленді

Қуыршақ театры
Фото: Қазақ қуыршақ театры

Қазақ қуыршақ театры еуропалық көрерменнің ықыласына бөленді.

Ромео мен Джульетта
Фото: Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры

Румынияда мемлекеттік академиялық қуыршақ театры әлемдік Шекспир фестивалі аясында «Ромео мен Джульетта» спектаклін сахналады. Крайовадағы көрсетілім овациямен есте қалды, — деп хабарлайды SteppeNews.kz. Театр мамандары актерлердің жанды ойынын, қуыршақ жүргізу шеберлігін, пластика мен бидің үйлесімін, сондай-ақ сахналық шешімдердің тұтастығын жоғары бағалады. Бұл қойылым бұған дейін Франция, Канада, Болгария, Ресей, Түркия және Қазақстандағы халықаралық фестивальдерде жоғары марапаттарға ие болған.

The Craiova International Shakespeare Festival-дің маңызы

Фестиваль 1994 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Өнер алаңында Шекспир шығармашылығы көрерменге заманауи сарында ұсынылады. Биылғы мәдени шараға 28 елдің 90-нан астам шығармашылық ұжымы қатысты. Он күн ішінде 300-ге жуық іс-шара өтті.

Қазақ қуыршақ театрының жетістігі

Қуыршақ театры аталған фестивальге 2025 жылы Франциядағы Off Avignon театр фестивалінен кейін арнайы шақырту алған. «Ромео мен Джульетта» спектаклі камералық форматтағы ерекше интерпретациясымен халықаралық мамандардың назарын аударды.

Шығармашылық топ

овация
Фото: Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры

Режиссер: Дина Жұмабаева; Хореограф: Анна Цой; Суретші: Юлия Чернова.

Актерлер: Ұлан Адамбаев, Бота Табылдиева, Мақсат Камалов, Шохан Құлназаров, Эльмира Кумарова, Арайлым Байырбекова.

   Фестиваль қонақтары қазақ қуыршақ өнерінің кәсіби деңгейін ерекше атап өтіп, театр ұжымына 2027 жылы Румынияда өтетін Elvira Godeanu International Theatre Festival іс-шарасына шақырды.

Набира Алманова

Добавить комментарий