БЖЗҚ-дан 5,8 трлн теңгеден астам қаржы алынды. Бұл — қазақстандықтардың соңғы бес жарым жыл ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу шығындарын өтеуге пайдаланған сомасы, — деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Зейнетақы жинағындағы қаржыны мерзімінен бұрын пайдаланудың динамикасы
2021 жылы — азаматтар 2,6 трлн теңгеге жуық қаржыны пайдаланған. Бұл рекордтық көрсеткіш.
2022–2023 жылдары — шешімдер көлемі күрт азайған.
2025 жылы — алынған қаржы көлемі 1 трлн теңгеден асып жығылған. Бұл жылы қайта өсім байқалды.
Елде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі көтерілді
Жаңа жеткілікті шектер:
20 жас — 6 670 000 теңге;
21 жас — 6 960 000 теңге;
22 жас — 7 250 000 теңге;
23 жас — 7 540 000 теңге;
24 жас — 7 840 000 теңге;
25 жас — 8 150 000 теңге;
26 жас — 8 460 000 теңге;
27 жас — 8 770 000 теңге;
28 жас — 9 090 000 теңге;
29 жас — 9 420 000 теңге;
30 жас — 9 750 000 теңге;
31 жас — 10 090 000 теңге;
32 жас — 10 430 000 теңге;
33 жас — 10 780 000 теңге;
34 жас — 11 130 000 теңге;
35 жас — 11 490 000 теңге;
36 жас — 11 850 000 теңге;
37 жас — 12 220 000 теңге;
38 жас — 12 600 000 теңге;
39 жас — 12 980 000 теңге;
40 жас — 13 370 000 теңге;
41 жас — 13 760 000 теңге;
42 жас — 14 160 000 теңге;
43 жас — 14 560 000 теңге;
44 жас — 14 980 000 теңге;
45 жас — 15 400 000 теңге;
46 жас — 15 820 000 теңге;
47 жас — 16 250 000 теңге;
48 жас — 16 690 000 теңге;
49 жас — 17 140 000 теңге;
50 жас — 17 590 000 теңге;
51 жас — 18 050 000 теңге;
52 жас — 18 510 000 теңге;
53 жас — 18 980 000 теңге;
54 жас — 19 460 000 теңге;
55 жас — 19 950 000 теңге;
56 жас — 20 450 000 теңге;
57 жас — 20 950 000 теңге;
58 жас — 21 460 000 теңге;
59 жас — 21 970 000 теңге;
60 жас — 22 500 000 теңге;
61 жас — 23 030 000 теңге;
62 жас — 23 570 000 теңге.
Сарапшылар пікірі
Зейнетақы жүйесінің басты мақсаты — азаматтарды қартайған шағында тұрақты табыспен қамтамасыз ету. Сондықтан жинақтарды сақтап қана қоймай, оларды ұзақ мерзімді инвестициялар арқылы көбейту аса маңызды. Алайда соңғы жылдары қордан алынған қаражат көлемі кейде жүйеге түскен жарналардан да асып түскен.
Қордан қаржыны мерзімінен бұрын шешіп алу — ұзақ мерзімді тәуекелдерге әкеледі
Мерзімінен бұрын алынған қаражат болашақтағы табысты төмендетеді. Оның соңы инвестициялық кірістің азаюына әсер етеді. Азаматтардың жинақ көлемі қысқарады. Бұл болашақ зейнеткердің қаржылық мүмкіндіктерін шектейді.
Фото: shutterstock.com
Халықаралық тәжірибе
Қазақстандағы инвестициялық табыстың үлесі шамамен 40% болса, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 80%-дан жоғары. Көптеген мемлекетте зейнетақы активтері ІЖӨ көлемінен асып түседі, ал Қазақстанда ол небәрі 16% деңгейінде тұр.
Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания KZ31VPY00089099 от 15.03.2024 г. Выдано Комитетом информации Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан