Әзілкеш Нұрлан Сабыровқа қатысты тексеріс аяқталды. Бұған дейін Сабыров Ресей әскері мен Украинадағы қақтығысқа қатысып жатқандарға материалдық көмек көрсетті деген ақпарат тараған еді, — деп хабарлайды SteppeNews.kz. “Тексеру нәтижесінде құқықбұзушылық белгілері анықталған жоқ”, — деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Нәтижесінде Нұрлан Сабыровқа қатысты қылмыстық іс қозғалмайтын болды. Қосымша ақпар, тексеру Қылмыстық кодекстің 170-бабы (“Жалдаушылық”) бойынша жүргізілген. Бұл бап соғысқа немесе қарулы әрекеттерге адамдарды тарту, оқыту, қаржыландыру сияқты әрекеттерді қамтиды.
Trending
- Қазақстан таеквондошылары Оңтүстік Кореяда жеті алтын жеңіп алды
- Алматының жүктемесін азайтудың тиімді жолдары қандай?
- «Ырғыз–Торғай» резерваты – Қазақстанның табиғи мұрасын қорғайтын бірегей аумақ
- Қазақстан IMO-2026 олимпиадасында алты медаль жеңіп алды
- Қазақстанда байланыс саласына жаңа ережелер енгізіледі
- Қостанай облысында жүк көлігімен соқтығысқан жол апатынан екі адам қаза тапты
- Алматы әкімі өнеркәсіптік парктердің жұмысымен танысты
- Алматы кітапханаларына жарты жылда 700 мыңнан астам келуші тіркелді
