SteppeNews.kz: Түлектердің ата-аналарының айтуынша, тестілеу қалыпты өтіп жатқан. Алайда емтихан аяқталуға шамамен 20 минут қалғанда тестілеу орталығында интернет байланысы кенеттен үзілген. Соның салдарынан кейбір қатысушылардың жауаптары сақталмай қалғаy деп хабарлайды SteppeNews.kz ZTB NEWS— қа сілтеме беріп.
Ата-аналар балалардың маңызды емтиханды қайта тапсырып, тағы да күйзеліске түсуге мәжбүр болғанына наразылық білдіруде.
Шағымдардан кейін жағдайға Ұлттық тестілеу орталығы түсініктеме берді. Орталық өкілдері техникалық ақау болғанын растады. Олардың мәліметінше, интернет-провайдердің байланыс желісі зақымдалып, тестілеу орталығы бір сағаттан астам уақыт интернетсіз қалған.
Тестілеуді аяқтай алмаған талапкерлер үшін ҰБТ-ның қайта тапсыру күні 31 мамырға белгіленді.
