Алматының туристік әлеуеті халықаралық нарықтарда кеңінен таныстырылмақ. Бұл бағытта Алматы қаласының Туризм басқармасы Turkish Airlines әуе компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжат аясында қаланы шетелде бірлесіп ілгерілету, туристік бағыттарды таныстыру және маркетингтік науқандар ұйымдастыру жоспарланған.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – Turkish Airlines-тың Ыстанбұл арқылы әлемнің түрлі өңірлерімен байланыстыратын әуе қатынасын пайдаланып, Алматыға шетелдік туристер тарту. Әуе компаниясының бағыттар желісі Еуропа, Солтүстік Америка, Таяу Шығыс, Африка және басқа да өңірлерді қамтиды.

Қазіргі таңда Turkish Airlines 133 елдегі 351 қала мен 358 әуежайға рейс орындайды. Алматы мен Ыстанбұл арасында аптасына 21 рейске дейін тікелей әуе қатынасы бар.
Алматыға келетін түркиялық туристер саны да артып келеді. 2025 жылы қалаға Түркиядан 36 954 саяхатшы келген. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда жоғары.
Меморандум Алматының халықаралық туристік нарықтағы танымалдығын арттыруға және жаңа шетелдік аудиторияларды тартуға бағытталған. Ынтымақтастық аясында әуе компаниясының кең бағыттар желісі қаланың туристік өнімдерін шетелде таныстыру үшін пайдаланылмақ.
Келесі материал: Санжар Әділов Азия ойындарында қола медаль алды
