Қытай Семейдегі жаңа көпірді қаржыландырмайтын болды
Семейдегі көпір құрылысының жобасы Қытайдың өтеусіз гранты есебінен жүзеге асырылуы керек еді. Алайда жоба талаптарға сәйкес келмегендіктен, Қытай тарапы оны қаржыландырудан бас тартты.
Жобаның тарихы
Семейдегі көпір 1964 жылы пайдалануға берілген. Ескі көпірдің үстімен тек жеңіл көліктерге жүру рұқсат етілген.
Жаңа аспалы көпір – 2000 жылы салынған, халық оны «жаңа көпір» деп атап кеткен.
Үшінші көпір жобасы – 2021 жылы көпірдің апатты жағдайына байланысты жаңа көпір салу туралы шешім қабылданды.
Көпірді қаржыландыру мәселесі
Оның бастапқы құны 30 млрд теңгеге тең. Металл бағасының қымбаттауына байланысты жоба құны 47 млрд теңгеге дейін өсті. Жергілікті бюджет қосымша шығынды жаба алмады.
Көпір құрылысының қазіргі жағдайы
Құрылыстың 65%-ы орындалды. 9 тіректің 8-і тұрғызылған. 9 мың тонна металл құрылымның 4,3 мың тоннасы құрастырылған. Үкіметтен қосымша 17,5 млрд теңге бөлінеді.
Маңызды стратегиялық нысан
Көпір президенттің тапсырмасымен салынып жатыр. Стратегиялық нысан Семей қаласының оң және сол жағалауын байланыстырады.
