Қырғызстан мен Ресей ортақ ұялы байланыс операторын құруға дайындалып жатыр. Тараптар тиісті мемлекетаралық келісімге жуық арада қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қырғыз-Ресей даму қоры (РКДҚ) басқарма төрағасы Артем Новиков Қырғыз-Ресей экономикалық форумында мәлімдеді деп хабарлайды SteppeNews.kz Vesti.kg-сайтына сілтеме жасап.
Жоба тұжырымдамасына сәйкес, екі елдің ұялы байланыс абоненттері Қырғызстан мен Ресей аумағында қосымша SIM-карта сатып алмай-ақ және халықаралық роуминг үшін артық ақы төлемей байланыс қызметі мен жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдалана алады.
«Бұл – мемлекетаралық цифрлық күн тәртібіндегі маңызды бастамалардың бірі», – деді Артем Новиков форум аясында журналистерге берген сұхбатында.
Бірыңғай цифрлық инфрақұрылымның құрылуы кәсіпкерлер, туристер және еңбек мигранттары үшін байланысты жеңілдетіп, екі елдің цифрлық кеңістіктерін ықпалдастыруға ықпал етеді.
