Алматыда отандық автосүйер қауым мен беделді БАҚ өкілдерінің басын қосқан ауқымды экономикалық және автосалалық іс-шара өтті. G Motors Kazakhstan компаниясы жаңартылған Geely Atlas кроссоверінің ресми сатылымы басталғанын салтанатты түрде жариялады, деп хабарлайды SteppeNews.kz.

Бұл модель қазіргі таңда отандық нарықтағы өте бәсекелі C-SUV сегментінің ережелерін түбегейлі өзгертуге, сондай-ақ тұтынушылардың талаптарын жаңа деңгейде қанағаттандыруға бағытталған маңызды стратегиялық өнім ретінде нарыққа шығарылып отыр. Презентация рәсіміне Geely Auto компаниясының Шығыс Еуропа аймағы бойынша бас директоры Гуу Тяньган мырза арнайы қатысты. Гуу Тяньган мырзаның қатысуы қазақстандық нарықтың бренд үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды бағыттардың бірі екенін және бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынды жалғасатынын көрсетеді.

Қазақстан автонарығы және тұтынушылардың жаңа сұранысы
Қазақстан аумағының ұлан-ғайыр кеңдігі мен әр аймақтағы климаттық күрт ауытқулар автокөліктерге қойылатын сапа мен төзімділік талаптарын қатаңдата түсетіні белгілі. Осы тұста брендтің нарықтағы көрсеткіштері мен динамикасы ерекше назар аудартады. Geely бренді Қазақстан нарығында 2022 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді және осы уақыт аралығында жалпы есебі 21 мыңнан астам автокөлік сатқан. Соның ішінде өнімділік пен сұраныс көрсеткіштері бойынша сөзсіз бестселлер атанған Atlas моделінің үлесіне 1 600 автокөлік тиесілі болып отыр.
Жүргізілген ауқымды әлеуметтік зерттеулер мен клиенттердің жиынтық портретіне сәйкес, бұл көлікті сатып алушылардың 76%-ы — отбасылы, балалары бар жандар болса, 75%-ы үшін бұл алғашқы автокөлік емес, яғни артында тәжірибесі бар, көлік таңдауда таразылап үйренген тәжірибелі жүргізушілер. Нарықтағы бұл модельге деген қызығушылықтың жоғары екенін 1–14 қазан аралығында түскен 112 алдын ала тапсырыс нақты дәлелдейді. Оның ішінде 33 клиент бұрынғы буындағы Atlas немесе танымал Geely Coolray көліктерінен жаңа буын моделіне саналы түрде ауысуды жоспарлап отыр. Бұл көрсеткіштер қазақстандық тұтынушылардың брендке деген сенімі жыл сайын артып келе жатқанын және жаңа буын кроссоверлердің сапасын жоғары бағалайтынын айқын көрсетеді.

Инженерлік шешімдер: CMA платформасы және көлем көрсеткіштері
Жаңа Atlas нарықтағы өзге бәсекелестерінен озық әрі сенімді инженерлік шешімдерімен ерекшеленеді. Бұл көлік Geely мен Volvo компанияларының бірлескен инженерлік орталығында әзірленген, брендтің шоқжұлдызы мен нарықтағы флагманы Monjaro-да қолданылатын беделді CMA платформасына негізделген. Бұл платформа қауіпсіздік пен басқарылу тұрғысынан ең жоғары стандарттарға сай келеді.

Көліктің габариттік өлшемдеріне келсек, оның ұзындығы 36 мм-ге ұзартылып, дәл 4 706 мм жетті, ал ені 1 900 мм, дөңгелек базасы 2 777 мм құрайды. Бұл оңтайлы өлшемдер мен платформа шешімдері салондағы еркін кеңістікті айтарлықтай ұлғайтуға және әсіресе артқы қатардағы жолаушылардың аяқ орнын кеңейтуге мүмкіндік берді. Көліктің жол саңылауы 211 миллиметрді құрайды, бұл көрсеткіш қала ішіндегі бидөңелерден өтуге ғана емес, шет аймақтар мен күрделі жолсыз жерлерде де кедергісіз, сенімді жүруге толық жағдай жасайды. Көліктің жүк көтеру және сыйдыру қабілеті де жоғары: багаж бөлімінің негізгі көлемі 650 литр болса, артқы орындықтардың арқалықтарын бүктеген жағдайда бұл көрсеткіш рекордтық 1 610 литрге дейін ұлғаяды, ал еден астында ұсақ-түйек заттарды сақтауға арналған қосымша 67 литрлік ұйымдастырылған бөлік қарастырылған.
Күштік қондырғылар, комплектациялар және баға саясаты

G Motors Kazakhstan дистрибуция жөніндегі директоры Мухаммед Шамшиловтың мәлімдеуінше, жаңа Atlas отандық нарыққа әртүрлі клиенттердің сұранысын толық қанағаттандыратын екі түрлі күштік агрегатпен шығарылып отыр.
Желідегі алдыңғы жетекті Atlas Premium нұсқасы 174 ат күші мен 290 Н·м айналу моментін беретін үнемді әрі серпінді 1,5 литрлік турбоқозғалтқышпен және заманауи 7 сатылы роботтандырылған беріліс қорабымен жабдықталған, бұл нұсқаның нарықтағы бағасы 10 990 000 теңгені құрайды.
Ал нағыз драйв пен сенімділікті ұнататындар үшін толық жетекті 4WD нұсқалар ұсынылған. Олар 245 ат күшін өндіретін, аса қуатты, айналу моменті 380 Н·м болатын 2,0 литрлік Drive-E турбоқозғалтқышымен, классикалық 8 сатылы Aisin автоматы және әлемге әйгілі BorgWarner толық жетек жүйесімен келеді. Толық жетекті нұсқаның баға саясаты мен комплектация түрлері төмендегідей:
- Premium (4WD) – 12 890 000 теңге
- Flagship (4WD) – 13 490 000 теңге
- Exclusive (4WD) – 13 790 000 теңге болып үш түрлі бай жабдықталған жинақтама ұсынылады.

Сонымен қатар бұл модельде эко, комфорт, спорт, интеллектуалды, қар және жолсыздық сияқты алты түрлі қозғалыс режимі қарастырылған, бұл жүргізушіге ауа райы мен кез келген жол жағдайына оңтайлы бейімделуге толық мүмкіндік береді.
Цифрландыру және қашықтан басқару мүмкіндіктері
Технологиялық тұрғыдан алғанда, жаңа Atlas өз сегментінде нағыз революция жасады десе болады, өйткені алғаш рет базалық жиынтықтың өзіне смартфон арқылы көлікті қашықтан толық басқаруға мүмкіндік беретін телематика жүйесі енгізіліп отыр. Дистрибуция директоры Мухаммед Шамшилов бұл жүйенің күнделікті қолданыстағы маңыздылығын ерекше атап өтті:
«Телематика арқылы автокөлік иесі мобильді қосымшадан 14 түрлі функцияны басқара алады. Қозғалтқышты қашықтан іске қосу, салонды, орындықтар мен рөлді алдын ала жылыту немесе салқындату, терезелер мен жүксалғышты ашу сияқты мүмкіндіктер қалалық жерде де, облыс аумағында да өте жақсы жұмыс істейді».

Салон ішіндегі мультимедиалық мүмкіндіктер де көз тартады. Диагоналі 15,4 дюймдік аса жоғары сапалы 2.5K орталық дисплейі бар Flyme Auto жүйесі, Яндекс Карталар навигациясы, сымсыз Apple CarPlay мен Android Auto интеграциясы, сондай-ақ жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігін қатаң қорғайтын ADAS L2+ деңгейіндегі ең озық белсенді қауіпсіздік ассистенттері мінсіз жұмыс істейді.
Қауіпсіздік және климаттық бейімделу

Көліктің шанағын жобалау кезінде қауіпсіздікке басты назар аударылған: күштік құрылымында беріктігі 1 500 МПа болатын ыстықтай штампталған аса берік болат түрлері қолданылған. Қазақстанның әсіресе қыс мезгіліндегі қатал климатына толық бейімделу мақсатында көлік арнайы күшейтілген аккумулятормен, сыртқы ортаның агрессивті ортасынан қорғайтын коррозияға қарсы күшейтілген қорғаныс қабатымен және толық қысқы пакетпен жабдықталған. Бренд өз өнімінің сапасына сенімді болғандықтан, автокөлікке 6 жыл немесе 180 000 шақырым жүріс қоры көлемінде нарықтағы ең ұзақ әрі сенімді кепілдіктердің бірі беріледі.
Өндіріс пен логистика мәселесіне келсек, 2027 жылы Алматыда өзіндік жаңа Orbis Manufacturing заводы толық іске қосылғанша, бұл көліктер Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында ірі торапты құрастыру әдісімен сапалы түрде жиналады. Сондай-ақ дистрибьютордың жоспары бойынша, келесі жылдың соңына қарай қазақстандық нарыққа заманауи гибридті нұсқаларды да ресми түрде әкелу көзделген.

Monjaro-ның бәсекелесі ме, әлде баламасы ма:
Презентация мен баспасөз конференциясы барысында сарапшылар мен автожурналистер тарапынан жаңа модель мен брендтің басқа флагмандық өнімдері арасындағы өзара ұқсастықтар мен нарықтағы бәсекелестікке қатысты өте маңызды әрі өткір сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, «За рулем» журналының беделді бас редакторы Алексей Алексеев жаңа модельдің техникалық артықшылықтары мен сыртқы келбетінің өзгерістеріне тоқталып, мынадай жоғары баға берді:

«Жаңа Atlas флагмандық Monjaro-ға барынша жақындады, бірақ ол айтарлықтай арзан және бұл — оның үлкен артықшылығы. Оған бұдан да қуатты 2 литрлік қозғалтқыш берілді, ол ұзындығы бойынша да өсті. Оның жүксалғышы кең, салонында орын көп — бұл отбасымен саяхаттауға болатын тамаша отбасылық автомобиль. Флагманда бар заманауи опциялардың барлығын дерлік енді азырақ ақшаға Atlas-қа да берді. Ең бастысы — бәрі күткендей, ол толық жетекті нұсқада шықты. Бұл өте оң өзгеріс, ол сырттай да әлдеқайда әдемі бола түсті. Ол бұрын қарапайым еді, ал енді мүлдем басқа деңгейге өтті және бұл оны нарықтағы нағыз көшбасшылар қатарына шығарады».
Өз кезегінде G Motors Kazakhstan дистрибуция директоры Мухаммед Шамшилов екі модельдің өзара нарықтық айырмашылығы мен тұтынушылар таңдауына қатысты мынадай пікір білдірді:
«Monjaro-мен ешқандай ішкі қайшылық немесе мәселе болмайды, өйткені Monjaro-ны таңдайтын клиент ол жаққа мақсатты түрде барады. Бұл — мүлдем басқа дизайн, басқа автомобиль, дегенмен иә, олардың платформасы бірдей. Баға диапазоны да өзгеше, ал біздің клиенттер Monjaro-ны көліктегі ерекше кеңістік пен эксклюзивті дизайн үшін таңдайды. Тағы бір айырмашылығы — Monjaro-да адаптивті аспа (подвеска) жүйесі бар, ал Atlas-та ол жоқ. Біз әрқашан клиентке өз қалауы бойынша таңдау мүмкіндігін қалдырамыз».

Жиын соңында Geely өкілдігі бас директорының орынбасары Цзюньтэн Линь де қазақстандық автосүйер қауымға арналған өз лебізін жеткізді:
«Atlas — бұл өте сапалы әрі сенімді автомобиль, ол арнайы Қазақстан нарығының талаптары мен ерекшеліктері ескеріліп жасалған және біз қазақстандық клиенттердің біздің жаңа өнімімізді жоғары бағалап, толық сезінгенін қалаймыз».
Жаңа Geely Atlas тек өз класының қалыптасқан шегінен шығып қана қоймай, іргелес тұрған жоғары сегменттердегі тұтынушылардың да сұранысын толық көлемде қанағаттандыра алатын отандық нарықтағы басты фавориттердің біріне айналып отыр. Заманауи дизайн, озық телематикалық жүйелер, жоғары деңгейдегі қауіпсіздік пен қолжетімді баға саясаты бұл көліктің ұзақ уақыт бойы көш басынан түспейтінін айқын көрсетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айгерім Қазтай
Келесі материал: Шөл шетіндегі жасыл бекініс: Кэкэя музейі Ақсудың еңбек шежіресін қалай сақтап отыр?
