Алматыда Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар бірнеше күнге созылады. Қала әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарына арналған мәдени, спорттық және танымдық бағдарламалардың толық кестесін жариялады, деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Мерекелік бағдарлама аясында концерттер, музей мен кітап көрмелері, интеллектуалды ойындар, флешмобтар және танымал тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылады.
Басты мерекелік іс-шаралар:
-
23 қазан: Республика сарайында салтанатты концерт өтеді.
-
23 қазан, 18:30: «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Егемен ел – еңселі ел» атты мерекелік кеш ұйымдастырылады.
-
25 қазан: «Медеу» биік таулы спорт кешенінде Мемлекеттік туды көтерудің салтанатты рәсімі өтеді.
-
25 қазан, 17:00 – 21:30: Абай алаңында отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ашық аспан астындағы басты концерт өтеді.
-
10–25 қазан: Қала бойынша кітап оқуды насихаттайтын «Оқитын ұлт – озық ұлт» жалпықалалық акциясы жүріп жатыр.
-
20–25 қазан: Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрында IV Халықаралық Almaty Puppet Festival – 2026 өтуде.
Қала аудандарындағы мерекелік концерттер:
-
Алмалы ауданы: 22 қазанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінде (Абылай хан даңғылы, 83);
-
Түрксіб ауданы: 22 қазанда №6 Оқушылар үйінде;
-
Әуезов ауданы: 22 қазанда «Нархоз» университетінде (Жандосов көшесі, 55);
-
Наурызбай ауданы: 22 қазанда Инновациялық шығармашылық орталығында (Шұғыла мөлтек ауданы, 347/4);
-
Жетісу ауданы: 23 қазанда Мәдениет үйінде (Кемел мөлтек ауданы, Есім хан көшесі, 127);
-
Медеу ауданы: 23 қазанда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында;
-
Бостандық ауданы: 23 қазанда Satbayev University қабырғасында;
-
Алатау ауданы: 24 қазанда «Алатау» дәстүрлі өнер театрында.
Бұдан бөлек, арнайы мерекелік бағдарламалар Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты барлық әлеуметтік орталықтарда да өткізіледі.
Келесі материал: Қытай 2030 жылға арналған климаттық мақсаттарын мерзімінен бұрын орындады
