Бір ай бойы Алматыдағы Арбатта Яндекс Музыканың «Go студиясы» жұмыс істеді. Жоба аясында қала тұрғындары мен қонақтары музыкалық шығармалардың жазылу барысын тамашалап, әртістердің жанды қойылымдарын тыңдады.
Күндіз орындаушылар мөлдір студияда жаңа тректерін жазса, кешке контейнердің төбесінде орналасқан сахнада жаңа туындылары мен танымал әндерін орындады.

Жобаға барлығы 107 әртіс қатысып, 80-нен астам жаңа трек жазылды. Жанды музыкалық қойылымдардың жалпы ұзақтығы 15 сағатты құрады. Әр концертке орта есеппен 300-ге жуық көрермен жиналды. Бір ай ішінде Арбаттағы қойылымдарды шамамен 60 мың адам тамашалады.
«Go студиясы» түрлі музыкалық жанрдағы және әртүрлі буын өкілдерін бір жобаға біріктірді. Танымал орындаушылармен қатар жас авторлар да кәсіби кеңістікте музыка жазып, шығармаларын көрерменге ұсынды.
ALPHA тобының мүшелері студиядағы сұхбатында Қазақстанда талантты музыканттар көп екенін атап өтті. Олардың сөзінше, жаңа әндерді жанды форматта орындауға мүмкіндік беретін алаңдар саны жеткіліксіз.
«Қазақстанда мықты, талантты және жарқын музыканттар көп. Бірақ олардың тректерін жанды форматта орындауына мүмкіндік беретін платформалар мен алаңдар жетіспейді. Көбіне жаңа релиздер көп назардан тыс қалып, тек трек мұқабасымен бірге цифрлық платформаларда ғана шығады. Яндекс Музыканың “Go студиясы” сияқты жобалар көбірек болса екен дейміз. Бұл — өте керемет жоба», — деді ALPHA тобының мүшелері.
Жоба барысында студияға әртүрлі мақсатпен келген көрермендер болды. Кейбірі белгілі орындаушылардың концертіне арнайы барса, енді бірі Арбатта серуендеп жүріп қойылымдарды тамашалаған. Сонымен қатар тыңдармандар жаңа әртістердің шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды.

«Go студиясына» Yenlik, SALSERI, Rusha, AMIRA, A.Boo, meow! dammit, AYRYS, ALPHA, Ayau, Bonapart, Anel Renaldi, Bazar Jackson, Shagamanski, Chrich, IL’HAN & ULAN, ALEM & Ushkyn Zhamalbek, Assetyans, chrscat, hatikoali, Liili, ния & Dilbara, AYREE, The OM, маленькая настя, джаз дилла, Moreart, Adoni, 404, AYU, Colorit, Jasyl Doka, A.Z, menrasaitam, AYAT, Norman, Lugnan, Ицык Цыпер, DARREM, Da Lume, Magjan, Соулджа, Anyz, Karmaz, «Лисьи сказки», Enendroen, Abayy, AIHAN, Sutqorekti1, ESKO, KABDOL, AyaFunk, NAZZARBECK, Aza Neutron, k0vertessence және басқа да әртістер қатысты.
Келесі материал: HUAWEI WATCH GT 7: жаңа буын жақында Қазақстан нарығына шығады
