Aqorda Жаңалықтар

Абай өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мемлекет басшысына баяндалды

Президенттің өңір басшысын қабылдауы
Фото: Ақорда

Абай өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мемлекет басшысына баяндалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады. Өңір басшысы президентке Абай облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы төрт айдағы көрсеткіштері туралы есеп берді, — деп хабарлайды SteppeNews.kz. Өңірдің жалпы өнім көлемі – 3,9 трлн теңгеге жеткен. Инвестиция көлемі – 19,4% өсімді көрсетті.

Абай өңіріндегі ірі инвестициялық жобалар

Құны 577,5 млрд теңгеге тең Аягөз – Бақты теміржолы

Семей ЖЭО — 714 млрд теңге

Тау-кен байыту комбинаты — 255 млрд теңге

Семей қаласында жалпы құны – 400 млрд теңге болатын жаңа арнайы экономикалық аймақ құру жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысына үш ірі жоба таныстырылды

Семей көпірі
Фото: semeytany.kz
  1. Алакөл туристік аймағы. Оның инфрақұрылымына қажетті сома – 15,4 млрд теңге.
  2. Электр желілері мен Үржар әуежайы терминалы. Жоба құны – 11,6 млрд теңге.

  3. Инфрақұрылым жобалары. Сумен жабдықтау, кәріз және жылу желілерін жаңарту, Семейдегі жаңа көпір құрылысы. Тұрғын үй құрылысы және жол инфрақұрылымын дамыту

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмалары

Мемлекет басшысы Абай өңіріне инвестиция тартуды күшейту, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде өткізуді міндеттеді.

Добавить комментарий