Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды
Ақорданың мәліметінше, президент өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көреді.
Сапар аясында астықты өңірлер әкімдерінің қатысуымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізу жоспарланған.