Алматы халықаралық гастрономиялық туризм орталығы ретіндегі әлеуетін арттырып келеді. Осы бағыттағы байланыстарды нығайту мақсатында 2026 жылғы 29–30 қарашада қалаға оңтүстіккореялық танымал аспаз Sin Keun Choi келеді, деп жазды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның Азия, Еуропа, АҚШ және Таяу Шығыс елдеріндегі мейрамхана саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар.
Аспаздың танымал жобаларының бірі – Дубайдағы FIVE LUXE бес жұлдызды қонақүйінде орналасқан Ronin мейрамханасы. Sin Keun Choi аталған мекеменің гастрономиялық тұжырымдамасын әзірлеген. 2025 жылы Ronin мейрамханасы MICHELIN гидіне еніп, «Жыл жаңалығы» арнайы марапатына ие болды.

Алматыға сапары аясында аспаз «Особняк» мейрамханасында өтетін гастрономиялық іс-шараға қатысады. Сондай-ақ Shymbulak тау курортымен танысады.
Халықаралық гастрономия саласының өкілдерін қалаға тарту Алматының туристік мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Әсіресе жергілікті өнімдер мен ұлттық тағамдарды заманауи аспаздық тәсілдермен ұштастыру қаланың гастрономиялық туризмдегі танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Келесі материал: Алматыда 2026–2027 жылдарға арналған азық-түлік бағасы бекітілді
