Бейжінде 95 жасқа келген белгілі қытай ғалымы, профессор Ху Чжэнхуаға «Құрметті академик» мәртебесі ресми түрде берілді. Бұл салмақты марапатты арнайы сапармен келген «Манас» ұлттық академиясының өкілдері табыстады. Бұл туралы SteppeNews.kz Open.kg — ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Эпосты сақтаушыға арнайы сапар
Салтанатты шара профессордың жеке шақыруымен оның шаңырағында, өте жылы әрі достық көңіл — күйде өтті. Қырғызстаннан келген делегация құрамында академия президенті Назира Аалы кызы, Халықаралық байланыстар мен коммуникациялар орталығының жетекшісі Гүлзат Майчинова және Эпостану бөлімінің меңгерушісі Дабыт Абдылбары уулу болды. Меймандарды ғалымның 94 жастағы жары Фатима ханым да қуана қарсы алды.
Ұрпаққа аманат: аңызға айналған мұра
Кездесуде ерекше мейірім мен шынайылық орнады, өйткені профессор Ху Чжэнхуа қырғыз тілінде жақсы сөйлейді. Сұхбат барысында ғалым мен оның зайыбы аңызға айналған ұлы манасшы Жусуп Мамай туралы естеліктерін бөлісті. Олар кезінде ұлы «Манас» эпосын жинап, тасқа басып, келешек ұрпаққа аманаттау жолында бірге иық тіресе еңбек еткен еді.
Ғалымға мұндай жоғары мәртебенің берілуі — екі ел арасындағы мәдени-ғылыми ынтымақтастықты арттырып, рухани мұраны сақтаудағы халықаралық әріптестіктің маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Келесі материал: Қырғызстан Мәдениет министрлігі Бакуде мәдени мұраны сақтау мен музейлерді цифрландыру бастамаларын ұсынды
