Ташкенттегі Tashkent City Mall сауда орталығында «Савицкий күнделіктері: ескі мен жаңа» атты мультимедиялық көрме ашылды. Өзбекстанның Мәдениет және өнерді дамыту қоры ұйымдастырған жоба суретші, коллекционер әрі Нүкістегі Қарақалпақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің негізін қалаушы Игорь Савицкийдің өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған деп хабарлайды SteppeNews.kz qazeta.uz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Көрменің кураторы — Азиза Изамова. Экспозиция кескіндеме, музыка, жарық пен қозғалысты біріктіріп, келушілерге ХХ ғасырдағы Орталық Азия өнеріне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Жоба Игорь Савицкийдің Өзбекстанның көркемдік мұрасын сақтаудағы еңбегіне ерекше назар аударады. Оның көпжылдық қызметінің арқасында Нүкісте бірегей өнер туындыларының қоры қалыптасты. Коллекцияға орыс және Түркістан авангарды өкілдерінің, сондай-ақ Орталық Азия суретшілерінің еңбектері енген.

Бүгінде бұл жинақ өңірдің маңызды мәдени мұраларының бірі саналады және халықаралық өнер қауымдастығының қызығушылығын тудырып отыр.
Көрме 2027 жылғы 24 қаңтарға дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты:
- Дүйсенбіден бейсенбіге дейін: 10:00–23:00.
- Жұмадан жексенбіге дейін: 10:00–00:00.
Келесі материал: Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған стоматология бөлімшесі ашылды
