Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы жаңа OMODA C5 Plus көлігінің бағасын жариялады. Алматыда өндірілетін кроссовер екі жинақтамада қолжетімді болады: Comfort — 9 690 000 теңге, Premium — 10 490 000 теңге.
Жаңа C5 Plus моделі OMODA брендіне тән танымал дизайнды сақтай отырып, күнделікті сапарлар жайлы болу үшін технологиялық тұрғыдан жаңар қондырғылармен толықтырылды.
Екі жинақтама да көлемі 1,5 литр, қуаты 147 а.к, айналу моменті 210 Н·м болатын бензинді турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалтқыш ылғалды қос іліністі, алты сатылы робот беріліс қорабымен жұмыс істейді. Жетек түрі — алдыңғы. Автокөлік АИ-92 және одан да жоғары октанды бензинмен жұмыс істеуге арналған.
Жаңартылған OMODA C5 Plus көлемі жағынан үлкейіп, SUB-B класынан SUV-C класына ауысты. Кроссовердің ұзындығы — 4,5 метр, дөңгелек базасы — 2,63 метр. Жүксалғыш көлемі — 442 литр, ал артқы орындықтар жиналған кезде 1 149 литрге дейін жетеді.
Comfort жинақтамасында не бар?
Негізгі жинақтамада диагоналі 8,88 дюймдік цифрлық аспаптар панелі және 15,6 дюймдік мультимедиа экраны орнатылған. Apple CarPlay және Android Auto жүйелерін қолдайды. Мультимедиа жүйесінің интерфейсі мен дауыстық басқару функциясы қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.
Сондай-ақ жабдықтар тізімінде кілтсіз кіру жүйесі, қозғалтқышты қашықтан іске қосу функциясы, Auto Hold жүйесі бар электр тұрақ тежегіші және алты бағытта реттелетін жүргізуші орындығы бар.
Қысқы кезеңдегі жүріс үшін рульді, алдыңғы орындықтарды, алдыңғы және артқы әйнектерді, әйнекжуғыш бүріккіштерін және сыртқы айналарді жылыту функциялары қарастырылған.
Қауіпсіздік жүйелеріне төрт қауіпсіздік жастығы, артқы шолу камерасы және төрт артқы парктроник кіреді. Аудиожүйе алты динамикпен жабдықталған.

Premium жинақтамасының ерекшелігі
Жинақтамалар арасындағы баға айырмашылығы 800 000 теңгені құрайды. Premium нұсқа қауіпсіздік жүйелері мен жайлылық опцияларының кең жиынтығымен ерекшеленеді. Оның ішінде 540° шолу жүйесі, алты қауіпсіздік жастығы және алдыңғы парктроник бар.
Салонда екі зоналы климат-бақылау жүйесі, алдыңғы орындықтарды желдету, артқы орындықтарды жылыту, жүргізуші орындығына массаж жасау функциясы және бел тірегінің электр реттеуіші орнатылған. Сонымен қатар электр жетекпен ашылатын люк және жүксалғыш, 50Вт сымсыз қуаттау құрылғысы және атмосфералы жарықтандыру қарастырылған.
Premium жинақтамасына 19 электрондық көмекші жүйе кіреді. Олардың қатарында адаптивті круиз-бақылау, автоматты түрде шұғыл тежеу, соқыр аймақтарды бақылау, көлікті қозғалыс жолағында ұстап тұру және ауыстыруға көмектесу жүйелері бар.

OMODA C5 Plus Алматы қаласындағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытында шығарылады.
Екі жинақтама да жарықдиодты оптика, рейлинг, артқы спойлер және қозғалтқыш қорғанышымен жабдықталған. Comfort нұсқасында 17 дюйм, ал Premium нұсқасында 18 дюйм дөңгелектер қарастырылған.
Сондай-ақ Premium жинақтамасы үшін қосымша 200 000 теңге екі түсті шанақ қолжетімді. Мұндай нұсқаның бағасы — 10 690 000 теңге.
Толық ақпаратты Қазақстандағы OMODA ресми дилерлерінен немесе 7007 нөмірі арқылы алуға болады.
Келесі материал: Әлеуметтік әділдік үшін: Қазақстанға неге сараланған жәрдемақы қажет?
