Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Әділов Жапонияның Аичи–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ММА-дан қола медаль иеленді, деп хабарлайды SteppeNews.kz.
ММА Азиада бағдарламасына алғаш рет енді
Қазақстандық спортшы ММА-ның дәстүрлі стилінде 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Санжар Әділов финалға шығу үшін өткен жартылай финалдық жекпе-жекте тәжікстандық Отабек Раджабовтан жеңіліп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Бұл медальдің Қазақстан спорты үшін маңызы ерекше. Себебі аралас жекпе-жек ХХ жазғы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов Қазақстанның ММА бойынша Азия ойындарындағы алғашқы жүлдегерлерінің қатарына енді.
Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды. Ұлттық қоржынға төрт алтын және екі қола жүлде түсті. Толық нәтижені осы жерден оқыңыз
Келесі материал: Қазақстанның ЕАЭО-дағы төрағалығы: жасанды интеллект бағыты қандай нәтиже берді?
