Алматының Орталық стадионында әлемдік поп-музыканың жұлдызы Энрике Иглесиас үлкен концерт берді. Бұл музыкалық кеш қала тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше эстетикалық әрі романтикалық атмосфераға толы болды деп хабарлайды SteppeNews.kz.

Айта кетейік, әншінің Қазақстандағы концерті 3 қазанда Астанада басталып, 5 қазанда Алматыда жалғасын тапты. Стадионға жиылған қауымның қарасы қалың болды. Көпшілік сүйікті әншілерінің «Bailamos», «Hero» секілді хиттерін жанды дауыста тыңдауға асыққан. Концертке келген жанкүйерлердің әсері де ерекше.
«Энрике менің мектеп жасымнан бастап тыңдайтын әншім. Оның маған «Hero» деген әні өте қатты ұнайды, сонымен қатар басқа да латиноамерикандық әндері бар. Барлығы ұнайды, ол сахнада өзің романтикалық жағынан, халыққа өзінің өнерін жақсы көрсетеді. Сол себепті осы концертті бүгін тамашалауға келдім» – деп бөлісті келген қонақтардың бірі.

Энрике Иглесиас – бір сөзбен «романтик»– депте бөлісті келген қонақтардың бірі.
Сонымен қатар көрермендер әсерлерін «Энерджайзер», «Красавчик» деп қысқа да нұсқа жеткізді.

Жастық шақ, еркіндік пен жалынды бекеттері
Энрике Иглесиастың хиттері сан мың жанкүйерді өткен күннің тәтті еселіктеріне жетеледі. Сахнадағы ерекше образы мен сыршыл әндері арқылы жүректерді баураған әншінің кезекті концерті шынымен де көптен күткен мейрамға айналды.


Кештің атмосферасы кіреберістен ақ сезілді. Ұйымдастырушылар әр қонаққа музыка арқылы түсін өзгертетін арнайы жарқырауық білезіктер таратты. Көптен күткен сәт туып, Энрике сахнаға шыққанда халықтың қуанышында шек болмады. Ол «Bailamos» «Hero» сияқты танымал хиттерін жанды дауыста шырқап, көрерменге ерекше энергия сыйлады.

Әнші плакат ұстап тұрған жанкүйерлерін елеусіз қалдырмай, оларға қолтаңба сыйлап, алғысын білдірді.
Жиналған қауым әншімен бірге қосыла ән айтып, би билеп, ұмытылмас кештің куәсі болды.

Кештің соңы мерекелік шаттыққа ұласты
Музыкалық кеш әдемі отшашумен түйінделді. Ал концерттен кейін халықтың үйіне жетуі үшін арнайы тегін шатлдар ұйымдастырылды. Көрермендер әлемдік деңгейдегі әртістің концертінен керемет әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Астана мен Алматыдағы екі кешті байланыстырып тұрған дүние концерттің көлемі немесе сахнаның ауқымы ғана емес еді. Ең маңыздысы — әр жылда, әр қалада, әр адамның өмірінде бөлек-бөлек естелікке айналған әндердің осы жолы бір стадионда қайта естіліп, мыңдаған адамның сол әндерді Энрике Иглесиастың өзімен бірге орындауы.
Келесі материал: Арал өңірінің болашағы: ғылым мен жастардың рөлі
Посмотреть эту публикацию в Instagram
