VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсімі өтетін жаңа «Бішкек Арена» стадионына көрермендер келе бастады. Стадион кіреберістерінде кезек пайда болған. Бұл туралы SteppeNews.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ашылу салтанатына шамамен 27 мың адам қатысады деп күтілуде.

Көрермендерді стадионға жеткізу үшін қаладағы 21 нүктеден арнайы шаттл автобустар қатынайды. Ашылу рәсімі сағат 19:30-да басталады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын жергілікті және шетелдік бірнеше жүз журналист ақпарат құралдары үшін жариялайды. «Бішкек Арена» аумағында 400 адамға арналған арнайы баспасөз орталығы ұйымдастырылған.
Жалпы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 900-ден астам журналист жариялауға аккредиттелген. Олардың 700-і қырғызстандық, 250-і шетелдік журналист.

«Бішкек Арена» стадионының ресми ашылуы қазан айына жоспарланған. Нысанның құрылысы 2023 жылдың тамызында басталған. Стадион 51 мың көрерменге арналған.
Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыс бағдарламасы 1–6 қыркүйек аралығында Ыстықкөлде өтеді.
