ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2026 жылғы саммитіне қатысады. Сондай-ақ Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен осы елге мемлекеттік сапармен барады.
2013 жылы Қытай мен Қырғызстан арасында стратегиялық әріптестік орнады. 2018 жылы екі ел арасындағы қарым-қатынас жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Ал 2023 жылы жаңа дәуірдегі жан-жақты стратегиялық әріптестік орнатылып, тату көршілік пен ортақ өркендеуге негізделген Қытай мен Қырғызстанның тағдырлас қауымдастығын қалыптастыру басталды.
Қадам сайын алға жылжыған Қытай-Қырғызстан қатынастары соңғы жылдары қарқынды серпіліс кезеңін бастан өткерді.
«Бір-бірімізге табанды түрде қолдау көрсетуді жалғастырып, даму стратегияларын өзара сабақтастыруды күшейту, мемлекеттерді жаңғырту және ұлттық жаңғыру жолында бірге ілгерілеу, Қытай мен Қырғызстанның тығыз тағдырлас қауымдастығын қалыптастыру».
Өткен жылы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытайға 2025 жылғы ШЫҰ саммитіне және Қытай халқының Жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы және дүниежүзілік антифашистік соғыстағы жеңісінің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Кездесу барысында Қытай-Қырғызстан ынтымақтастығын дамытудың жаңа жоспары белгіленді.
«Тығыз» сөзінің терең мағынасын қалай түсінуге болады?
Ол үшін дипломатиялық қарым-қатынастардағы егжей-тегжейлерге назар аударып, достықтың жылуын сезінуге, даму нәтижелеріне қарап, өзара іс-қимылдың тереңдігін бағалауға және көпжақты ынтымақтастыққа үңіліп, байланыстардың ауқымын көруге болады.
«Жақсы көршілер, жақсы достар, жақсы серіктестер» – деп ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бұған дейін Қытай мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасты сипаттап, «ортақ таулар мен өзендер жақындастырған және халықтардың жүрегін тоғыстырған жақындықты» атап өткен еді.
2019 жыл, Бішкек. ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қырғызстанға сапары қарсаңында «Си Цзиньпиннің мемлекеттік басқару туралы» кітабының бірінші томының қырғыз тіліндегі алғашқы басылымының таныстырылымы өтті. Сапар барысында Қырғызстан тарапы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге елдің ең жоғары мемлекеттік наградасы – I дәрежелі «Манас» орденін табыс етті.
2025 жыл, Тяньцзинь. Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне арналған ресми қарсы алу дастарханы өткен күні Қырғызстанның Тәуелсіздік күні аталып өтті. Осыған орай ҚХР төрағасы Си Цзиньпин арнайы шынайы құттықтауын жолдады.
Әртүрлі елдердің өкілдері бас қосып, маңызды оқиғалар тоғысқан көпжақты кездесуде айтылған бірнеше жылы сөз халықтың жүрегіне жылу сыйлады.
Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынаста ең қымбат нәрсе – жүректердің өзара жақындығы. Тарихта қалған осы дипломатиялық сәттер Қытай мен Қырғызстанның өзара сенім мен шынайылыққа негізделген қарым-қатынас қалыптастырып отырғанының әсерлі дәлелі.
Қарым-қатынастарға стратегиялық биіктік пен ұзақмерзімді перспектива тұрғысынан қарап, мемлекеттерді жаңғырту және ұлттық жаңғыру жолында бірге алға жылжу – мұның барлығы Қытай-Қырғызстан байланыстарының жаңа белестерге көтерілуіне бағыт беріп отыр.
Географиялық жақындық – ортақ даму
2013 жылдың күзіне оралайық.
«Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасы ұсынылғаннан бірнеше күн өткен соң ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қырғызстан жеріне келді. Екі ел басшыларының кездесуінде Қырғызстан тарапы «ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру жөніндегі бастамасын қолдайтынын» мәлімдеді.
Географиялық жақындық пен ортақ даму екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызды негізіне айналды.
«Бір белдеу, бір жол» бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдап, оны бірлесіп жүзеге асыруға қатысқан Қырғызстан Қытаймен бірге сауда-экономикалық байланыстар, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы сияқты дәстүрлі бағыттарды тереңдете отырып, цифрлық экономика, денсаулық сақтау және трансшекаралық электрондық сауда секілді жаңа салаларды да игеріп келеді.
Бірқатар негізгі жобалар екі ел халықтарына пайда әкеліп, тұтас өңірдің дамуына қызмет етуде.
2024 жылғы 27 желтоқсанда Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржолының құрылысы басталғанын білдіретін салтанатты рәсім өтті. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин шараға орай құттықтау жолдады. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров іс-шараға өзі қатысты, ал Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев құттықтау хатын жолдады.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржолының өңірлік өзара байланыстылықты дамытуға, аймақтың өркендеуі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған «стратегиялық шешім» екенін атап өтті.
Оның айтуынша, жоба теміржол бағыты бойындағы өңірлердің экономикалық және әлеуметтік дамуына, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыруға анағұрлым тиімді қолдау көрсетеді.
Си Цзиньпин Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржолының «Қытай мен Орталық Азияның бұдан да тығыз тағдырлас қауымдастығын қалыптастырудағы» маңызды мәнін терең түсіндірді.
Елдердің тағдыры өзара тығыз байланысқан қазіргі дәуірде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды өңірлік, тіпті жаһандық ахуал аясында қарастыру қажет. Сонда ғана олардың жалпы жағдайға ықпалын толық бағалауға болады.
Көпжақты ынтымақтастықтың маңызы
Қазіргі таңда халықаралық ахуал өзгерістер мен тұрақсыздықтың өзара тоғысуымен сипатталады. Қытай мен Қырғызстан көпжақты ынтымақтастықты нығайтып, «Біріккен Ұлттар Ұйымы жетекшілік ететін халықаралық жүйені бірлесіп қолдауға, бүкіл әлемде бейбітшілік пен дамуға жәрдемдесуге жаңа үлес қосып келеді».
Қытай мен Қырғызстан БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және «Қытай – Орталық Азия» механизмі секілді көпжақты тетіктер аясында тығыз байланыс пен үйлестіруді сақтап отыр.
Қырғызстан Жасанды интеллект саласындағы дүниежүзілік ынтымақтастық ұйымына және Халықаралық татуластыру сотына қосылып, Қытай ұсынған төрт жаһандық бастаманы нақты іс-әрекетімен қолдады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу – биыл Қырғызстан үшін маңызды оқиғалардың бірі.
Қытай Қырғызстанның ШЫҰ-ға төрағалық етуіне және Бішкекте саммитті табысты өткізуіне толық қолдау көрсетіп отыр. Бұл Қытайдың ШЫҰ дамуына жауапты түрде ықпал ету рөлін көрсетіп қана қоймай, Қытай мен Қырғызстан арасындағы терең достықты да айғақтайды.
«Адамгершілікке жақын болып, көршілерге ізгілік таныту – мемлекеттің қазынасы».
Қазіргі уақытта Қытай 15-бесжылдық жоспарын жүзеге асыруды жан-жақты ілгерілетіп жатыр. Ал Қырғызстан «2030 жылға дейінгі Ұлттық даму бағдарламасын» іске асыруда.
Осы сапарды мүмкіндік ретінде пайдалана отырып, екі елдің ынтымақтастық жөніндегі ортақ түсіністігін дамудың бұдан да көп нәтижесіне айналдыру көзделіп отыр. Ал «Қытай мен Қырғызстанның тығыз тағдырлас қауымдастығын қалыптастыру» екі ел халықтарының әл-ауқатына бұдан да көп игілік әкеледі.
