Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев лондондық «Челси» сапындағы алғашқы жүлдесіне ие болды деп хабарлайды SteppeNews.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
8 тамызда «Челси» Джакартада италиялық «Миланмен» жолдастық кездесу өткізіп, қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Матч маусым алдындағы Indonesia Super Cup турнирі аясында өтті. Лондондық клубтың құрамында Жоау Педру дубль жасаса, тағы бір голды Мойзес Кайседо соқты. Ойын аяқталғаннан кейін «Челси» футболшыларына жеңімпаз кубогы табысталды.
Осылайша, 17 жастағы Дастан Сәтпаев «Челси» құрамында алғашқы жүлдесін жеңіп алды. Алайда қазақстандық шабуылшы «Миланға» қарсы матчты қосалқы құрамда өткізіп, алаңға шыққан жоқ.
Бұған дейін Сәтпаев «Челсидің» маусым алдындағы сапарында үш кездесуге қатысып, бір гол соққан.
Клуб келесі жолдастық кездесуін 9 тамызда малайзиялық «Джохор Дарул Такзимге» қарсы өткізеді.
