Бейжің ресми түрде 2029 жылғы Дүниежүзілік сәулет астанасы мәртебесіне ие болды. Тиісті шешімді ЮНЕСКО мен Халықаралық сәулетшілер одағы (UIA) қабылдады, деп хабарлайды SteppeNews.kz GlobalTimes.cn басылымына сілтеме жасап.
сәулетшілер одағы (UIA) қабылдады.
Қытай астанасы әлемдегі ең бай сәулет мұраларының бірін заманауи әрі тұрақты қала құрылысы қағидаларымен үйлестіре білгені үшін жоғары бағаланды.
Құрметті мәртебені беру туралы шешім 5 тамыз күні Бірлескен бағдарлама комитетінің ұсынымы негізінде қабылданды. Дүниежүзілік сәулет астанасы атағы үш жылда бір рет беріледі.
2029 жылы Бейжіңде Халықаралық сәулетшілер одағының (UIA) Дүниежүзілік конгресі де өтеді.
Дүниежүзілік сәулет астанасы бағдарламасы 2020 жылы құрылған. Бұған дейін бұл мәртебе Рио-де-Жанейро, Копенгаген және Барселона қалаларына берілген.
