2026 жылдың алғашқы алты айында Алматы хайуанаттар бағына 561 983 адам келді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық Мәдениет басқармасының мәліметінше, осы кезеңде хайуанаттар бағында 62 экскурсия, мерекелік іс-шаралар, экологиялық дәрістер ұйымдастырылды. Сонымен қатар 150 бала білім алатын Зоомектепте тұрақты сабақтар өткізілді.
Қазіргі уақытта Алматы хайуанаттар бағының қорында жануарлардың 386 түріне жататын 4 мыңнан астам төл бар. Олардың қатарында Қазақстанның Қызыл кітабына және Табиғатты қорғаудың халықаралық одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген сирек кездесетін жануарлар да сақталған.

Сондай-ақ мекемеде әлеуметтік қолжетімділікке ерекше көңіл бөлінеді. Жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балалар және мамандандырылған мекемелердің тәрбиеленушілері үшін хайуанаттар бағына тегін кіру мүмкіндігі қарастырылған.
