Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхай қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар аясында 16 шілде күні Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту және өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелер талқыланады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы қытайлық ірі компаниялардың жетекшілерімен өтетін дөңгелек үстелге қатысады. Іс-шарада инвестициялық ынтымақтастық, технологиялық даму және экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелері қаралады деп күтілуде.
17 шілде күні Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда өтетін Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Биылғы конференция «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналмақ.
