• kk
  • ru
  • Қытай екі жаңа спутникті ғарышқа сәтті ұшырды

    👁 136

    Қытай 9 маусым күні Zhuque-2E Y6 зымыран-тасығышы арқылы екі жаңа спутникті ғарышқа сәтті ұшырды деп хабарлайды SteppeNews.kz, XINHUANET сайтына сілтеме жасап.

    Ұшыру Қытайдың солтүстік-батысындағы Дунфэн коммерциялық ғарыштық инновациялар аймағынан Бейжің уақыты бойынша сағат 16:23-те жүзеге асырылды. Нәтижесінде Spacesail DTC 01 және China Mobile 02 спутниктері белгіленген орбитаға сәтті шығарылды.

    Бұл Zhuque-2 сериялы зымырандардың қатысуымен жүзеге асқан сегізінші ғарыш миссиясы болды. Мамандардың айтуынша, аталған зымыран Қытайдың коммерциялық ғарыш саласындағы маңызды жобаларының бірі саналады.

    Zhuque-2E Y6 – екі сатылы криогенді сұйық отынды зымыран-тасығыш. Оның диаметрі 3,35 метрді құрайды. Зымыранды әзірлеген LandSpace компаниясының мәліметінше, ол төменгі Жер орбитасынааға 6 тоннаға дейін жүк жеткізе алады. Ал биіктігі 500 шақырым болатын күн-синхронды орбитаға 4 тоннаға дейін пайдалы жүк шығаруға қауқарлы.