Басты тақырып Жаңалықтар Спорт

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Фото: OLYMPIC.KZ

Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас 4×400 метрлік эстафетада алтын медаль иеленді деп хабарлайды SteppeNews.kz.

Бұл жарыста қазақстандық квартет – Эльнор Мухитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс – жоғары нәтиже көрсетіп, қашықтықты 3 минут 16.75 секундта жүгіріп өтті.

Спортшылар жарыс барысында тұрақты қарқын сақтап, негізгі қарсыластары – Үндістан мен Қытай құрамаларын басып озып, мәреге бірінші болып жетті.

Осылайша Қазақстан құрамасы аталған эстафетада Азия чемпионы атанып, ел қоржынына кезекті алтын медальді салды.

Добавить комментарий