Қазақстан триатлон құрамасы Қытайда өткен Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, екі алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы SteppeNews агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Азия чемпионаты Қытайдың Сюйчжоу қаласында өтті. Қазақстан қоржынына түскен екі жүлде де алтын медаль болды.
Рамазан Айнегов U17 жас санатындағы жарыста топ жарды. Ол «суперспринт» дисциплинасында 25 минут 49 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетіп, құрлық чемпионы атанды.
Ал 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түскен Ясмина Бузуртанова қашықтықты 30 минут 56 секундта еңсеріп, алтын медаль иеленді.
Айта кетейік, 14 маусым күні чемпионат аясында эстафеталық жарыстар өтеді. Бұл бәсекелерде де жүлделер сарапқа салынады.
