Ипотекалық мөлшерлемелерді енгізу мерзімі кейінге қалдырылды.
Жаңа ипотекалық мөлшерлемелер биыл шілдеден бастап енгізілуге тиіс еді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк оны енгізу мерзімін 2027 жылға шегеруді ұсынып отыр.
Негізгі өзгерістер
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) кепіл құны мен несие сомасының арақатынасына (LTV коэффициенті) қарай белгіленеді.
Өтпелі кезең: 2026 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін шекті мөлшерлеме 25% деңгейінде сақталады.
LTV коэффициентіне байланысты шарттар
Егер LTV (кепіл құны мен несие сомасының арақатынасына ) ≤ 70% қарыз алушы тұрғын үй құнының кемінде 30%-ын өзі төлесе, ипотека бойынша шекті ЖТСМ 20% болады.
Егер LTV > 70% бастапқы жарна аз болса, шекті мөлшерлеме 25% деңгейінде қалады.
Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк бұл өзгерістерді енгізу үшін қосымша уақыт қажет екенін атап өтті. Жаңа жүйе ипотекалық қарыз алушыларға бастапқы жарна көлеміне қарай жеңілдік беру арқылы әділдік принципін күшейтуді көздейді
Ипотекалық мөлшерлемелерді есептеу тәртібінің кейінге қалдырылуы азаматтарға дайындық үшін қосымша уақыт береді. Ал 2027 жылдан бастап бастапқы жарнасы жоғары азаматтар үшін ипотека шарттары жеңілдейді.
