Қарызын өтемеген тұрғындар жарықтан ажыратылады. 8 маусымнан бастап Алматы қаласы мен облысында электр энергияға берешегі барларға шара қолданылады. Өңір бойынша азаматтардың жарыққа қарызы 34 млрд теңгеге жеткен, — деп хабарлайды Steppe.News.kz. “Алатау Жарық Компаниясы” өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдай энергетикалық жүйенің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Ескерте кетейік, электр энергиясын жеткізушілермен жасалған келісімшартта көрсетілген мерзімде төлем жасалмаса, жарық көзін беруді толық немесе ішінара тоқтатуға құқық бар екені көрсетілген. Коммуналдық қызметке уақытылы ақы төлемегендердің ісі сотқа дейін жетуі мүмкін.
Келесі материал: Шымкентте балабақша тәрбиешілерінің сұмдық әрекеті әшкере болды
