Әзілкеш Нұрлан Сабыровқа қатысты тексеріс аяқталды. Бұған дейін Сабыров Ресей әскері мен Украинадағы қақтығысқа қатысып жатқандарға материалдық көмек көрсетті деген ақпарат тараған еді, — деп хабарлайды SteppeNews.kz. “Тексеру нәтижесінде құқықбұзушылық белгілері анықталған жоқ”, — деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Нәтижесінде Нұрлан Сабыровқа қатысты қылмыстық іс қозғалмайтын болды. Қосымша ақпар, тексеру Қылмыстық кодекстің 170-бабы (“Жалдаушылық”) бойынша жүргізілген. Бұл бап соғысқа немесе қарулы әрекеттерге адамдарды тарту, оқыту, қаржыландыру сияқты әрекеттерді қамтиды.
Trending
- Зейнетақы аннуитеті шотынан қаржыны толық шешіп алуға болады
- Қазақстан мен БАӘ арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады.
- Нұрлан Сабыровқа қатысты қылмыстық іс қозғалмайды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті.
- Президент елдегі сот жүйесіне қатысты пікір білдірді.
- Астанадағы LRT-ның атауы «Тарлан Астана» деп өзгерді.
- Орталық Азияның жетекші БАҚ өкілдері Шыңжаңдағы Бортала-Моңғол автономиялық округіне сапар жасады
- Тандырдан шыққан еттің хош иісінен шекарадағы көлік торабына дейін: Орталық Азия БАҚ өкілдері Борталаның қарқынды дамуына куә болды
