Әлемдік тревел-блогерлер Қазақстанның табиғатын миллиондаған аудиторияға таныстырып жатыр. Иорданиялық Юсеф Хаттаб пен америкалық Джошуа Платильеро Алматы мен Маңғыстаудың көрікті жерлерін көрсетуге кіріскен. Олар Қазақ елінің мәдениеті мен қонақжайлығын ерекше атап өтті. Тревел-блогерлердің желіде жарияланған видеолары миллиондаған қаралым жинап үлгерген. Қазақстанның тұмса табиғатын тамашалағандардың Қазақстанға деген қызығушылығы артқан. Айта кетейік, биыл туризмді дамыту мақсатында ақпараттық турларға 168,8 млн теңге бөлінген.
Келесі материал: Германияда ұшақтың шассиі кенеттен сынып кетті
