SteppeNews.kz: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының (ДМҰ) президенті, Біріккен Араб Әмірліктері Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады.
Кездесу барысында тараптар Түркістан облысында БАӘ-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жасанды жауын-шашын шақыру жобасын талқылады.
Ауқымды жобаны толыққанды іске қосу 17 мамырға жоспарланған. Қазақстан су қоймаларындағы су деңгейін арттыру және ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында жасанды жаңбыр жауғызу технологиясын іс жүзінде қолдануға көшкен өңірдегі алғашқы ел болды.
