SteppeNews.kz: Жаңадан табылған астероид 18 мамыр күні Жерге шамамен 90 мың шақырым қашықтыққа жақындайды. Ғарыштық өлшемдер бойынша бұл өте жақын қашықтық болып есептелгенімен, мамандар аспан денесінің планетамызбен соқтығысу қаупі жоқ екенін сеніммен айтып отыр. Бұл туралы SteppeNews.kz ABC News сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала болжамдарға сәйкес, астероид Жер мен Айдың арасындағы қашықтықтың төрттен бір бөлігіндей қашықтықта өтеді. Аспан денесі осыдан бірнеше күн бұрын бірнеше обсерваторияның, соның ішінде Канзас штатындағы Фарпойнт және Аризонадағы Маунт-Леммон обсерваторияларының астрономдары тарапынан тіркелген.
NASA мәліметтері бойынша, нысанның көлемі 15-тен 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Қазіргі уақытта ғалымдар оның орбиталық параметрлері мен физикалық сипаттамаларын нақтылау үстінде. Соңғы бірнеше тәулік ішінде астероидқа 24 рет бақылау жүргізілгендіктен, оның қозғалыс траекториясы бойынша есептеулер әлі де түзетіліп жатыр. Дегенмен, қазіргі деректер Жермен соқтығысу қаупі жоқтығын растайды.
NASA бұл нысанның «Аполлон» тобындағы жер маңы астероидтарына жататынын нақтылады. Мұндай аспан денелері Күнді айнала қозғала отырып, Жердің орбиталық траекториясын қиып өтеді.
