SteppeNews.kz: Сәуірдің соңында бір тәулік ішінде планетаның ең ыстық 50 қаласының барлығы Үндістанда орналасқан. Бұл туралы ауа сапасын бақылайтын AQI платформасы хабарлады. Рейтинг күндізгі ең жоғары және түнгі ең төменгі көрсеткіштерді қоса алғанда, тәуліктік орташа температура негізінде, сондай-ақ ылғалдылық, жел мен жауын-шашын мөлшерін ескере отырып жасалады.
27 сәуірде Үндістанның 50 қаласында орташа максималды температура 44,7°C-қа жетті.
Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында орналасқан Банда ең ыстық қала деп танылды. Сол күні мұнда термометр бағаны 46,2°C-қа дейін көтерілсе, тіпті түнде де 34,7°C-тан төмен түспеген.
Тізімдегі 50-інші орынды Джайсалмер қаласы иеленді. Мұндағы ең жоғары температура 44,1°C, ал ең төменгі көрсеткіш 30,5°C болды.
Аптап ыстық орнаған қалалардың дені Үндістанның ішкі «ыстық белдеуінде» орналасқан. Елдің метеорологиялық қызметі биылғы жазда бірқатар аймақтарда ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады деп ескерту жасап үлгерді.
