SteppeNews.kz: Бурятияда қар көшкіні жүріп, Қазақстан азаматы қаза тапты. ҚР Сыртқы істер министрлігі 1990 жылы туған Алексей Тицкийдің қаза болғанын растады.
Қайғылы оқиға 28 сәуірде Ресей Федерациясы, Бурятияның Мұя ауданында — Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде болған. Қар астында алты адам қалды. Қазақстандық дипломаттар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ресейдің құзырлы органдарымен байланыс орнатты. Жағдай ведомствоның бақылауына алынды.
СІМ өкілдері:
«Қазақстан елшілігі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында Ресей Федерациясының құзырлы органдарымен тікелей байланыста отыр. Бұл мәселе Министрліктің бақылауында», — деп толықтырды.
