SteppeNews.kz: Қырғыз Республикасының Ұлттық статистика комитеті 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларына арналған есебін жариялады. Ресми мәлімет бойынша, жылдың алғашқы үш айында кәмелетке толмағандар тарапынан 236 қылмыс жасалған. Оның ішінде ең көп тіркелгені: ұрлық – 33,5 пайыз, тонау – 15,3 пайыз және алаяқтық – 10,6 пайыз, деп хабарлайды SteppeNews.kz 24.kg-ке сілтеме беріп.
Осы кезеңде қылмыстық қолсұғушылықтардан барлығы 350 жасөспірім зардап шеккен. Өкінішке орай, қылмыстық әрекеттердің салдарынан 14 бала қаза тауып, 81 бала дене жарақатын алды. Балалардың зардап шегу себептеріне тоқталсақ: 20,6 пайызы ұрлық, 13,1 пайызы 16 жасқа толмаған баламен жасалған сексуалдық сипаттағы әрекеттер, 8,6 пайызы тонау және 8,3 пайызы зорлау оқиғаларының құрбаны болған.
Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың ең көп бөлігі Бішкек қаласында (26,6 пайыз), Жалал-Абад облысында (15,7 пайыз), Ош қаласында (15,1 пайыз) және Ыстықкөл облысында (11,7 пайыз) тіркелді.

