STEPPENEWS.KZ: Қазақстан мен Қытай арасында 2026 жылдан бастап, жоғарғы оқу орындарында «қос дипломды» бағдарлама іске қосылады.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері Қытайдың жетекші университеттеріне жұмыс сапарымен барып, бірлескен білім беру бағдарламаларын талқылады. Сапар барысында Ualikhanov University және Satbayev University басшылығы Dalian Polytechnic University мен Beijing University of Chinese Medicine университеттерімен ресми кездесулер өткізді.
Нәтижесінде 2026 жылдан бастап инженерия және тағам өнеркәсібі бағыттары бойынша қос дипломды бағдарламаларды іске қоспақ. Сондай-ақ, медицина саласында академиялық ұтқырлық пен бірлескен білім беру жобаларын дамыту туралы келісім жасалды.
Жаңа бастамалар қазақстандық студенттердің халықаралық академиялық тәжірибе алуына және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Тілші: Сая ЖАНСЕИТ

