Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар жоспары жыл басынан бері небәрі 52,7% ғана орындалған, ал тікелей шетелдік инвестициялар бойынша көрсеткіш жартысына да жетпеген. Бұл туралы бүгін кеңес өткізген премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті.
Үкімет басшысы кейбір өңірлерде инвестиция тартуға қатысты жағдай сын көтермейтінін атап өткен. Соның ішінде:
- Атырау облысы – негізгі капиталға инвестициялар бойынша 42,8%;
- Ұлытау облысы – ірі компанияларға тәуелділік жоғары (61,5%);
- Абай облысы – негізгі капиталға инвестициялар 70,4%, ал тікелей шетелдік инвестициялар бар-жоғы 26,2%.
«Әкімдер мен министрлер инвестиция тарту ісімен күн сайын жеке айналысуы тиіс. Инвестиция болмаса – экономикалық даму да болмайды. Сол себепті әкімдерге көрсеткіштерді орындамаған орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын», – деді Бектенов.

