Павлодарда үшінші қабаттан секірмек болған әйел аман қалды, деп хабарлайды ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар қалай әрекет етті?
25 қазан күні «112» пультіне әйелдің терезеден секірмек болғаны жөнінде хабар түскен.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы пневмоқұтқару жастығын жайды. Бір топ маман төртінші қабатқа көтеріліп, альпинистік құралдар арқылы бір құтқарушы төмен түсіп, әйелді қауіпсіз жерге шығарды.
Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында әйел аман қалып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
ТЖМ ескертуі
Мамандар азаматтарды өз жақындарының психологиялық жағдайына бей-жай қарамауға шақырады:
- күйзеліске түскен адамға қолдау көрсету
- қажет болса, мамандардың көмегіне жүгіну
- қауіпті жағдай байқалса – 112 нөміріне бірден хабар беру
