Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі елдің Бас прокуратуралары Ақордада Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстанның Бас прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, құжаттың негізгі мақсаты – қылмыспен күресті күшейту және заңсыз алынған активтерді қайтару саласында өзара әрекеттестікті дамыту.
Тараптар қадағалау ведомстволарының кәсіби, сараптамалық және ақпараттық әлеуетін тиімді пайдалану арқылы серіктестік тетіктерін нығайтуға мүдделі.
Меморандум сонымен қатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруды және тәжірибе алмасуды көздейді.