Павлодар облысы, Солнечный ауылында тұратын ағайынды екі жігіт осыдан он күн бұрын аң аулауға шығып, содан қайтып оралмаған. Еріктілер 1973 жылы туған ер адамның мәйітін жақын маңдағы көлден тапқан.
«1970 жылы туған Вячеслав Лукьянцев пен 1973 жылы туған Николай Лукьянцев 10 қазан күні Лада Нива маркалы көлікке мініп, Солнечный кентінен Қарағанды трассасына қарай аң аулауға кеткен. Ағайынды екі жігіт сондай-ақ резеңке қайықтарын алған. 14 қазаннан бастап олардың телефоны өшкен. 19 қазан күні көлден Вячеславтың бауыры Николайдың мәйіті табылды. Ал, Вячеславты іздестіру жалғасып жатыр», — деп хабарлайды еріктілер.
Еріктілер көл маңынан жігіттердің көлігін, одан кейін қайығын тапқан.