— Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ауыл шаруашылығын цифрландыру үлкен артықшылықтар береді. АҚШ-та автономды және роботты егін жинау жүйелері қолданылады. Автономды тракторлар үзіліссіз және тәулік бойы жұмыс істей алады. Канадада геоаналитика және GPS навигациялық жүйелері қолданылады. Бұл маршруттарды автоматтандыру және оңтайландыру арқылы еңбек шығындарын 20-40 пайыз төмендетеді. IoT сенсорлары аяз, құрғақшылық сияқты қауіптер туралы алдын ала хабарлауға мүмкіндік береді, — деді ол.
Оның атап өтуінше, Blockchain технологиясын пайдалану фермерлердің қаржыландыруға кететін уақыты мен шығындарын азайтады. Сонымен қатар алаяқтықтың төмендеуіне әсер етеді. Осыған байланысты елімізде агроөнеркәсіптік секторда блокчейн технологияларын пайдалану жұмыстары жүргізіліп жатыр.
— Нақты тауарларды цифрлық токендарға айналдыру жоспарланып отыр, яғни – токенизация. Астық токенизациясы — нақты астықты блокчейндегі цифрлық токенға аудару. Технология астықты есеп айырысу және сауда, несие алу, тәуекелдерді сақтандыру үшін пайдалануға болатын толыққанды қаржы құралына айналдырады. Астықты токенизациялау бойынша пилоттық жобаны Қостанай облысында сынақтан өткізу үшін іске қосу жоспарланып отыр. Пилот сәтті өткен жағдайда салалық мемлекеттік органмен бірлесіп, жобаны ел бойынша масштабтауды пысықтау көөзделген, — деді Қаныш Төлеушин.
Айта кетейік, биыл болжам бойынша 24 млн тонна астық бастырылады.
Осы ретте Премьер-министр астықты егіс алқабынан тиісті жеріне дейін жеткізуді жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.