- Алматы облысында көршісін пышақтаған жігіт сотталды
- Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті
- Өскеменде әйелді пойыз қағып кетті
- Қонаев қаласындағы көшеге Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді
- Қазақстан Үкіметінің сыртқы қарызы 7 трлн 217 млрд теңге
- Астанада 3 мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты
- Израиль Ливанның солтүстік-шығысынан соққы жасады
- Алимент төлемеген БҚО тұрғыны сотталды
Автор: togzhan
Қытайдағы Достық ауруханасы аутизм диагностикасымен емдеуін күшейтпек
Қытайдағы Достық ауруханасы қазірге дейін 42 аутист баланы емдеуге атсалысқан. Аталған аурухананың вице-президенті Чжан Вэнге журналистерге аурухананың жетістіктері мен кезеңдік жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Steppenews.kz. Құлжадағы Достық ауруханасы 1936 жылы құрылған. Бұрын Кеңес Одағының Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай ауруханасы 1956 жылы Қытай үкіметіне берілген. Медициналық, педагогикалық, ғылыми зерттеу нысаны біріктірілген ұлттық үшінші деңгейдегі аурухана санатында. Сонымен қатар Шыңжаң медициналық университеті мен Шихэзи университетінің оқу ауруханасы. 2021 жылдың маусымында автономиялық аймақ деңгейіндегі аймақтық медициналық орталық ретінде бекітілді. «Іле префектурасының ауыр науқастарды құтқару және емдеу орталығы саналатын Іле префектурасы Достық ауруханасының педиатрия бөлімі көмек көрсету бөлімі мен Шыңжаңның…
MUZTAG: Үрімші қаласындағы компания суды инновациялық тәсілмен өндіреді
«Қытайдың мүмкіндіктері, Шыңжаңның ашықтығы» ақпараттық туры аясында Орта Азия, оның ішінде Қазақстаннан келген делегация Үрімші қаласындағы Xinjiang Father of Icebergers Biotechnology Co.,Ltd компаниясының кәсіпорнына барды. Мұнда «Muztag» таза мұздық суын өндірудің жаңа технологиялары көрсетілді, деп хабарлайды Steppenews.kz ақпарат агенттігі. «Muztag» мұздық суын өндірудің инновациялық әдістері Синьцзян мұздықтарының ерекшеліктерін назарға ала отырып, Xinjiang Father of Icebergers Biotechnology Co.,Ltd компаниясы 10-нан аса өнім жасап шығарды. Оның ішінде пакеттегі су, Tetra Pak ауыз суы тәрізді тауарлар бар. Барлығы да қоршаған ортаны ластамайтын вакуумды қаптама және мұздық суын алатын патенттелген технология арқылы жасалған. Компания үшін су көзі – Музтаг шыңы. Геотермалды тірі су, құрамындағы…
Орта Азия журналистері Қытайдағы атақты «Алты жұлдыз» көшесіне барды
Орта Азия журналистері ҚХР Іле Қазақ автономиялық облысының бірқатар маңызды аудандарында болып, аймақтың өндірістік және ұлттық 4А деңгейдегі туристік орындарымен танысты, деп хабарлайды Steppenews.kz. Облыс орталығы Құлжада орналасқан «Алты жұлдыз» көшесі қазақтар көп тұратын ауданның бірі саналады. 1934 жылы жоспарланған және салынған «Алты жұлдыз» көшесі — әйгілі тарихи-мәдени қаланың, сондай-ақ автономиялық аймақтың тарихи-мәдени аймағының негізгі орталығы. Бұл — Құлжадағы бірегей мәдени тамыр ғана емес, сонымен бірге Қытай мен Батыс қала құрылысы мен құрылысы арасындағы мәдени алмасудың тарихи мұрасы, бірегей тарихи және гуманистік құндылығы бар орын санатында. Бір шаршы шақырымға жуық аумақты алып жатқан көше алты негізгі жол тоғысатын болғандықтан үш…
2024 жыл ішінде Алматы қаласы әкімінің қатысуымен іс-шараларға қызмет көрсету үшін 7 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды SteppeNews.kz ақпараттық порталы. Техникалық сипаттамасында бұл қаржыға «отырыстар, конференциялар, кеңестер және шай үстелі» кіреді деп көрсетілген. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, өкілдік қызмет көрсетулер бір көзден сатып алу арқылы бекітілген. Яғни, шарт конкурссыз, тікелей жасалған. Тапсырыс беруші — Алматы қаласы Әкімінің аппараты, әлеуетті өнім жеткізуші ретінде i-dn жеке кәсіпкерлігі таңдалған. Ашық дереккөздерде ЖК директоры Айдын Қуанышбаевтың ет сату және ет өнімдерімен айналысатын бірнеше кәсіпкерлігі тіркелген. Келісімнің бастапқы сомасы 4 314 175 теңге болып бекітіліп, артынан қосымша келісім жасалып 7 000 000 теңгеге…
Грекия прокуратурасы жеке яхтадағы сегіз қазақстандық жолаушыға өткен аптада Сароник аралындағы Гидрада өрт шығуға қатысы бар деген айып тағып отыр, деп хабарлайды SteppeNews.kz ақпараттық порталы. Ekathimerini.com басылымының жазуынша, кәмелетке толмаған екі балаға айып тағылмаған. Сондай-ақ, Грек билігі айыпталғандарды ұстау үшін Қазақстанға көмек сұрап жүгінген, себебі яхтаны жалға алушылардың Грекиядан билік тарапынан сұраусыз кетіп қалған. Қазір алдын ала тергеу жұмыстары басталды. «Айыптауды шығаруға прокурордың өрт орнында тағайындаған сот-медициналық сараптамасы кезінде табылған жаңа дәлелдемелері түрткі болды. Өрт сөндірушілер өрт шыққан шығанақта отшашулардың қалдықтарын тапқаны хабарланды. Бұл ретте яхта капитаны мен бірінші көмекшісі ұсталды, ал қалған ұсталған экипаж мүшелері шектеулермен кепілге босатылды. Сонымен…
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 10 млн теңгеге сәндік «рейкаларды» сатып алмақ
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 10 483 500 теңгеге сәндік «рейкаларды» сатып алмақ, деп хабарлайды SteppeNews.kz ақпараттық порталы. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметке сүйенсек, Қыздар университеті 2024 жылы 21 маусым күні келісім шарт құрып, 27 маусым күні келісім шартты бекіткен. Инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Еркин Дусипов пен өнім беруші «Коргау» аталатын устав бойынша әрекет ететін басшысы Ержан Акимбаев тараптар негізінде шарт жасасқан. Сатып алу құны – 10 483 500 теңге. Бұл сомаға 1500 дана сәндік рейка сатып алынатындығы көрсетілген. Бір тауардың бағасы – 6989 теңге. Тараптар келісім шартында рейканың қылқанжапырақты ағаш діңінен сүріліп жасалуы қажеттігі қоса көрсетілген. Қылғанжапырақты ағашқа қарағай,…
Жезқазғанда балабақша ұйымдары бір нанды 475 теңгеге сатып алған. Дәл осындай схемамен жұмыс істеген 12 мектепке дейін ұйым анықталды, деп хабарлайды Steppenews.kz. Ұлытау облысында білім беру ұйымдары 85 теңгелік нанды кәсіпкерлерден 475 теңгеге сатып алып келген. Белгілі болғандай, Жезқазған қаласындағы 12 мектепке дейінгі ұйымда жеке кәсіпкерлерден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жоғарылатылған бағамен сатып алған. Мәселен, килограмы 303 тг болатын қантты 750 теңгеге, 232 теңге болатын қарақұмық жармасын 580 теңгеге, 179 теңге тұратын айранды 450 теңгеге, бір бөлкесі 85 теңге болатын нанды 475 теңгеге, сондай-ақ 43 теңге болатын бір жұмыртқаны 65 теңгеге сатып алған. «Қабылданған шаралардың нәтижесінде өнім берушімен қосымша…
Жуырда екі жыл бойы талқыланған «Масс медиа» туралы Заңға Тоқаев қол қойды. Заң 2024 жылғы 20 тамызда қолданысқа енгізіледі, жекелеген баптар 2025 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді. Медиа сарапшылар жаңа заңдағы ереже мен нормалар үлесі 10% аспайтындығын айтады. Осы орайда Steppenews.kz тілшісі заңда не өзгергенін және қандай бапқа назар аудару маңызды деген сауалдарға жауап іздеп көрді. Сарапшылар, жаңа заң Қазақстандық, шетелдік БАҚ-тарды мемлекеттік реттеуді күшейтетінін, сондай-ақ, заңға тәуелді актілер арқылы жүзеге асырылатын декларативті норма көп екендігін айтады. ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН НЕ ӨЗГЕРЕДІ? Ар намыс, іскерлік беделді қорғау жөніндегі БАҚ материалдарына немесе мақалалар мен сюжет авторларына шағымданудың мерзімі бір жылға дейін қысқарды.…
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында бағалы металдарды іздеу үшін тиісті лицензиясыз жер қазумен айналысқан заңсыз кеншілердің екі тобы анықталды, деп хабарлайды Steppenews.kz Табиғат қорғау прокуратурасына сілтеме жасап. Өз мақсаттарын іске асыру мақсатында кеншілер 4 металл іздегішті пайдаланған. Сонымен қатар, жайылымдық жерлерде арнайы техниканы пайдаланып жер қойнауын заңсыз өндіру салдарынан қоршаған ортаға зиян келтіру фактісі анықталды. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін полицияға жіберілді. Бұл ретте полицейлер жайылымдық жерлерді пайдалану кезінде зардап шеккендерді анықтау шараларын жүргізіпи жатыр.
Әкімдік Каспий жағалауын тазартуға 17 миллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ
Ақтау әкімдігі Каспий жағалауы мен суға түсу алаңдарын қоқыс қалдықтарынан тазартуға 17 миллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ, деп хабарлайды Steppenews.kz ақпарат агенттігі. Мемлекеттік сатып алу сайтында көрсетілгендей, көрсетліген жұмыстар бойынша жеке кәсіпкер Д. Касымгалиевна конкурс жеңімпазы атанған. 2024 жылғы 5 маусымда Мемлекеттік сатып алу сайтында Ақтау қаласының жағалау аймағының тұнбалары мен теңіз балдырларын тазарту жөніндегі қызметтерге жалпы сомасы 17 857 143 теңгеге конкурс жарияланды. Байқауды ұйымдастырушы – «Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Конкурс 2024 жылдың 12 маусымында жеке кәсіпкер Д. Касымгалиевнаның жеңісімен аяқталды. Мемлекеттік сатып алу сайтында шарт туралы ақпарат жоқ. Техникалық спецификацияға сәйкес, мердігер жағалауды және…