- Екібастұзда суға батып кеткен жасөспірімнің денесі төрт күннен кейін табылды
- Қытай әскери техниканы экспорттауға дайын екенін мәлімдеді
- «Қоштасу хатын өзі жазбады»: Шерзаттың әпкесі Нұрқанаттың өліміне қатысты бар шындығын айтты
- Айыптұрақтар ақылы болады: жүргізушілер нені білуі керек
- Трамп Тоқаевқа хат жазды: «Сенің еліңе 25 пайыз баж салығы енгізіледі»
- Алматы облысында экс-полицей Lexus көлігімен баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
- Тоқаев неге Ханкендиде өткен саммитке қатысқан жоқ?
- Bereke Bank иесі 21,3 млрд теңгеге ұшақ сатып алған
Автор: aigerim
ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Орал қаласының тұрғындарына лицензиясыз микрокаржылық қызмет көрсеткен тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізуде, — деп хабарлайды SteppeNews.kz Бес жыл бойы күдіктілер «Жылдам ақша» деген атаумен кеңінен тараған филиалдар желісі арқылы азаматтармен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын микроқаржы келісімшарттарын жасаған. Несиенің пайыздары бөлек шарт арқылы «кеңес беру қызметі» ретінде көрсетілген. Бұл қызметтер күдіктінің туысына тіркелген, олармен байланысы бар ЖШС арқылы рәсімделіп отырған. Қарыз алушылар күнсайын 1,5% төлеуге мәжбүр болған, бұл заңмен белгіленген шекті мөлшерлемеден 0,3% яғни бес есеге артық. Аталған заңсыз микроқаржы ұйымы арқылы 47 мыңнан астам қарыз жоғары пайызбен берілген. Алдын ала мәлімет…
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаңа ведомствоға қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды SteppeNews.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. Жаңа ведомство – «ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі». «Осыған байланысты Комитетпен бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шаралары жүзеге асырылып жатыр. Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады», — делінген хабарламада.
Маусым айының қорытындысы бойынша Ұлттық қордан $800 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, — деп хабарлайды SteppeNews.kz тілшісі ҚР Ұлтты банкіне сілтеме жасап. Маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 519,73 теңгеге дейін 1,7%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 238 млн АҚШ долларынан 235 млн АҚШ долларына дейін азайды. Жалпы сауда-саттық көлемі 4,7 млрд АҚШ долларын құрады. « Маусымда Ұлттық қордан 800 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 17%-ын немесе күніне…
Соңғы бірнеше күнде Түркияда 342 орман өртi тіркелді, оның 6-уы әлі өшіріліген жоқ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы және орман министрі Ибрагим Юмаклы мәлімдеді,- деп хабарлайды SteppeNews.kz тілшісі Turknws-ке сілтеме жасап . « Соңғы күндері 342 өрт шықты, олардың қаупі жоғары. Бұдан бөлек әлі есепке алынбаған шағын өрт ошақтары бар. Қазір Адана провинциясындағы өрт бақылауға алынған. Маниса, Измир, Хатай провинцияларында алты орман өрті әлі сөнген жоқ. Измирде сөндіру жағдайы жеңілдеді, бірқатар аудандарда орманды суыту және оттың таралуын алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады министр. Министр өрт сөндірушілердің жұмысына желдің кедергі келтіріп жатқанын айтты. Өткен аптада басталған өрт елдің батысындағы…
Мемлекет басшысы Руанда Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды SteppeNews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамены Руанда Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Біз еліңізді Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Бұл тұста, Қазақстан мен Руанда арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін ерекше қанағатпен атап өтемін», – деп жазылған жеделхатта.
2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады,деп хабарлайды QazTimes. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қоюы керек.
ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды QazTime. Жылдық инфляция 2023 жылдың соңына қарай бір таңбалы мәнге жетті. Айлық инфляция желтоқсанда орташа жылдық мәндерден біршама жоғары болды. Сыртқы инфляциялық процестер азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасуда. Фискалдық ынталандырумен қамтамасыз етілген орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан ішкі экономикада инфляциялық қысым сақталып отыр. «Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның динамикасына және оның болжамды траекториясына қаншалықты сәйкес келетініне байланысты болады. 5%-дық инфляция бойынша мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң…
Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды QazTimes. Судьяның заңсыз қызметін бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы Сотпен бірлесіп тоқтатқан. А. Абдрахманов Қарасай ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының Өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асилбековтың көмегімен екі ЖШС-ті банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды. Қонаев қалалық сотымен А. Абдрахманов 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. А. Асилбековке 122,5 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Пара беруші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан…
1,5 трлн теңге зейнетақы қаражаты нарықтық шарттарда және ұзақ мерзімді ірі жобаларға қайтарымды негізде инвестицияланатын болады, деп хабарлайды QazTimes LS-ке сілтеме жасап. Қандай схема қабылданады? БЖЗҚ сатып алатын «Бәйтерек» Ұлттық холдингі мен «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының облигациялары шығарылады. Ұлттық банк қазіргі уақытта экономиканы әртараптандыру және өсіру мақсаттарына сәйкес келетін жобаларды таңдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, импортқа тәуелділікті төмендететін және қазақстандық қамту үлесін арттыратын жоба. «Қаржыландыру жобаларды іріктеуге қарай 2024-2025 жылдар ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады», — деп атап өтті бас банкте. Сонымен қатар, жобаларды іске асырудың әртүрлі мерзімдеріне байланысты «Бәйтерек» және «Самұрық-Қазына» облигациялары әртүрлі кезеңдерімен, бірақ 15 жылдан аспайтын…
Алматының Түрксіб ауданында ескі тұрғын үйлерді жаңарту аясында жыл соңына дейін 13 үй салынады, деп хабарлайды QazTime. Түрксіб ауданында 1247 үйдің 586-сында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, жайлы қалалық орта құру – әкімдік жұмысының басты бағыттарының бірі. Осы жылдың 2 тоқсанында 2 учаскеде тағы 13 үйдің құрылысын аяқтау көзделген: Кассин-Сейфуллин – 6 үй және Молдағалиев-Сауранбаев – 7 үй. Бұған қоса, «Алтай-2» шағын ауданында жеке құрылыс салушы 54 үйді жаңартуды жоспарлап отыр. Қазір 6 үй (43 пәтер) сатып алынып, 2 тоғыз қабатты үйдің (100-ден астам пәтер) құрылысы басталады. 2023 жылы Түрксіб ауданында…