Астанада алғаш рет 21 жасқа дейінгі есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді. Турнирге Қазақстан, Бразилия, Украина, Оман, Иран, Азербайджан, Таджикистан, Таиланд, Сауд Арабия және Өзбекстан командалары қатысып, бақ сынайды. Байрақты бәсекенің ашылуы салтанаты мен ұлттық құраманың алғашқы ойыны 1-ші маусымда елордалық «Жекпе-жек сарайында» өтеді. Чемпионат 10-шы маусымға дейін жалғасады.
Сурдо футзалдан әлем чемпионаты – елімізде есту қабілеті зақымданған тұлғалар арасында спорттың дамуына ықпал етіп қана қоймай, қатысушы елдер арасындағы мәдени және достықты қарым қатынасты нығайтады.
Барлық спорт жанкүйерлерін және БАҚ өкілдерін ұлттық құраманы бірге қолдауға шақырамыз.
Trending
- Алматы облысында көршісін пышақтаған жігіт сотталды
- Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті
- Өскеменде әйелді пойыз қағып кетті
- Қонаев қаласындағы көшеге Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді
- Қазақстан Үкіметінің сыртқы қарызы 7 трлн 217 млрд теңге
- Астанада 3 мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты
- Израиль Ливанның солтүстік-шығысынан соққы жасады
- Алимент төлемеген БҚО тұрғыны сотталды