Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 мың пәтерді ағымдағы жылдың көктемінде беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғынының сұрағына жауап бергенде айтты, деп хабарлайды QazTime.
«Біз халықтың осал топтарына санатына пәтер сатып алдық, мен өзім барып көрдім, таныстым. Пәтерлерді қабылдау рәсімінен кейін біз мамыр айының соңына дейін кезекте тұрғандарға кілттерді беруге тырысамыз. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы бекітілген тізімдерді тағы бер қарап шығады. Жақын арада қала кезекте тұрғандар көптен күткен қоныс тойын атап өтеді деп үміттенемін», — деп түсіндірді Ерболат Досаев.