Сахнада балағат сөз айтқан Қайрат Нұртас жауапқа тартылды, деп хабарлайды Steppenews агенттігі.
Айта кетейік, бұған дейін әншінің былапыт сөз айтқан видеосы әлеуметтік желіде тараған еді.
«Қоғамдық Қоғамдық орында балағат сөз айтып, видеоға түсіп қалған әнші жауапқа тартылды. Оған ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», — делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.