«Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры мен бас маманы сотталды, деп хабарлайды Steppenews.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталды. Олар кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деп күдіктенді.
«Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды»,- делінген хабаралмада.
Олар айыппұлды белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатынын айтты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.