Атырау облысында зейнеткер өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды QazTimes ақпараттық агенттігі.
Оқиға 13-қаңтар күні болған. Жедел қызмет байланыс орталығына Мақат ауданы Доссор кентінде 1961 жылы туған Б. есімді азаматтың өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем бригадасы жетіп, зейнеткер ауруханаға жеткізді. Оған денесінің 60-70 % күйік шалған деген диагноз қойылды. Науқастың жағдайы ауыр. Барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
«Суицидтің себебі – отбасылық-тұрмыстық жанжал. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (суицидке дейін жеткізу)»,-делінген хабарламада.