Алматыда кафе өртеніп жатыр. Розыбакиев көшесінің бойындағы Тауфиқ атты тамақтану орын өртке оранды. Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 30 адамы жұмылдырылды, деп хабарлайды QazTimes агенттігі. Кафеден өрттің шыққандығы туралы хабар орталыққа таңғы сағат 8:58-де түскен.
«ТЖД күштері мен құралдары Алмалы ауданы, Розыбакиев көшесі,13 мекенжайы бойынша жоғары нөмірі деңгейі бойынша жіберілді. Келгеннен сәтте «Тауфиқ» атты кафенің ашық жануы анықталды. Өрттің таралу қауіпі көршілес құрылыстарға туындап, көршілес үйден қауіпсіз қашықтықта 5 адам эвакуацияланды», -деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Кафеде таңертең келушілер болмаған. Жанып жатқан кафеден 7 газ баллоны шығарылды.
«Автоцистерналардан өрт оқпандары дереу енгізіліп, өртке қарсы гидранттарына орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Өрттің таралу қаупі жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД-нен 30 адам, 10 бірлік техника, сондай ақ қаланың өзара іс-қимыл қызметтері тартылды», — делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен бір сағатқа жуық арпалысқан. Қазіргі уақыттамамандар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ғимараттың төбесіне су төгу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кафенің 150 шаршы метр аумағы жанып кеткен.